Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы
21-09-2019 18:53
 «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

    Елімізде 2007 жылдан бастап «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты: жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға  жәрдемдесу болып табылады. Биылғы жылы жалпы оқуға Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың өлеңдері таңдап алынды.

Осы акция аясында  Бауыржан Момышұлы атыңдағы жалпы білім беру мектеп кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың «Поэзиясы» атты танымдық сағаты 7 «Д» сыныбымен өтті. 

   Аталмыш шараның мақсаты: Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың өлеңдерін оқу және насихаттау, оқушыларға қаламгерлердің мұраларын ұсына отырып, кітапханаға деген қызығушылығын одан әрі жоғарылату.

   Шара барысында қазақ әдебиет мұғалімі Мынғышева Ж.А сыршыл ақын Әбділда Тәжібаев пен халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, екі тұлға туралы оқушыларға мол ақпарат берді. Шарада қаламгерлердің ғұмырынан сыр шертетін презентация көрсетіліп, кітапхана қорындағы әдебиеттер көрме арқылы  тыңдаушылар назарына ұсынылды.