Қамқоршы күні
Қамқоршы күні- ерекше мерекелердің бірі. Бұл мереке әр түрлі себептермен ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеуге алған адамдар үшін. Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынан қалған балаларға ата-ана болып жүргендерге алғыс білдіру дәстүрге айналды. Олар балалардың отбасысы болды. Біздің мектепте жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған 7 оқушы білім алады. Осы балалардың қамқоршылары жылда мектепке шақырылады. Қамқоршылар Рахимова Арман, Жакетаева Айгуль Амангельдиновна, Нурмагамбетова Саягуль, Жумабеков Болат Кабиденовичті сынып жетекшілері құттықтап, сыйлықтар берді.