"Мектепке жол" акциясын іске асыру
1 тамыз-30 қыркүйек аралығын қамтитын республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша іс – шаралар өз бастауын алды. Осы арада мектепте аз қамтылған және көмек қажет ететін жанұялар мәселелерін шешуге көмекке серіктесуге бизнесмендер, кәсіпкерлер және « отбасыға отбасы» ата-аналар, педагогикалық ұжымы ат салуда. Биылғы жылы мектептің педагогикалық ұжымы атынан көптеген оқытушылар аз қамтылған отбасыларға кеңсе тауарларың, спорттық киім- кешектерді алуға көмек беріп жатыр. Акция қатысушыларына мектеп ұжымы атынан ризашылықтарымызды білдіріп, шексіз алғысымызды айтамыз.