«Кім боламын?» тақырыбына сынып сағаты
"Өзін-өзі тану: Шығармашылық және Махаббат педагогикасы" онкүндігі аясында 9 «А» сыныбында «Кім боламын?» тақырыбына сынып сағаты өтті. Өзін-өзі тану үдерісі өзін, осы дүниедегі өз жолын тапқысы келетін әрбір адам ерте ме, кеш пе кездесетін ең күрделі мәселелердің біріне жатады.
Әңгімелесу, әр түрлі саладағы мамандықтармен танысу барысында өзін-өзі кәсіби тұрғыдан анықтау жасөспірімдерді өзін-өзі тануға әкеледі. Өмірлік құндылықтарды-идеалды қалыптастыру арқылы жас адамның рухани есеюіне ықпал етуге болады.