Жазғы мектеп жұмысын бастады
Ағымдағы жылдың 26 мамырынан бастап еліміздің бар өңірінде жазғы мектеп жұмысын бастады.
Павлодар қаласының №23 мектебінде де өткен оқу материалдарын қайталау, күрделі тақырыптарды меңгерудегі олқылықтар орнын толтыру мақсатында негізгі пәндер бойынша жазғы мектеп жоспарға сай жұмысын бастап кетті.
Жазғы мектепте үй жұмысы берілмейді, оқу үлгерімі бағаланбайды, сабақ 40 минуттан жүргізіледі. Оқушыларға еркін формада келуге рұқсат. Сабақ әр түрлі форматта өтетін болады. Және оқу сауттылығын арттыру үшін күнделікті 20-30 минут кітап оқу ұсынылады.
Санитарлық эпидемиологиялық режим мен гигиена ережелерін сақтау қатаң бақыланатын болады. Оқушыларға сәттілік тілейміз.