Қазіргі уақытта «меценатство» ұғымы өзінің алғашқы мәнін жоғалтса да, қоғамға туындаған жағдайларын шешуге көмектесетін адамдар бар. Біздің мектебімізге олар Әби Сарқыншақұлы Сарқыншақов және Виктор Станиславович Верес болып табылады.
Павлодар қаласы №23 ЖОМ ММ әкімшілігінің қолдаухаты бойынша ҚТЖ ҰК АҚ «Павлодар жолдары бөлімшесі» директорының көмекшісі Әби Сарқыншақұлы Сарқыншаков «Темір жол-су Павлодар» ЖШС участке бастығы Виктор Станиславович Вереспен бірлесіп мамыр айында мектептің түгелдей қоршауларын жөндеді.
Осыған байланысты мектеп әкімшілігі Әби Сарқыншақұлы Сарқыншақовқа және Виктор Станиславович Вереске терең ризашылығын білдіреді, оларға зор денсаулық,отбасыларына амандық және еңбектеріне табыс тілейді.
Мектеп директоры Мақұлов С.И.