Қалалық мұғалімдер олимпиадасы

Ақпанның 26 күні №41 орта мектеп қабырғасында қалалық мұғалімдер олимпиадасы өткізілді. Осы сайыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтай отырып, өз жетістіктерімізді жария еткіміз келіп отыр. Біздің мектеп бұл сайысқа 6 мұғалім жіберді.
- Оның ішінен алдыңғы қатарға суырылып шыққан жүлдегеріміз қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Гүлди Есенқызы Жерғасынова ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
- Алғыс хатпен марапатталған мұғаліміміз – бастауыш сынып мұғалімі Майра Кеңесқызы Азимбаева 204 сұрақтың 184-іне дұрыс жауап беріп, 90% жетістікке қол жеткізді.
- Алғыс хатпен марапатталған бастауыш сыныптың тағы бір мұғалімі – Әсел Амангелдіқызы Товкубаева. Бұл ұстаз берілген 204 сұрақтың 165-ін дұрыс шешіп, 81% нәтиже көрсетті.