Жаңа 2014-2015 оқу жылын ұйыдастыру мақсатында ағымды жылғы тамыздың 1-інен қыркүйектің 30-ынадейін республика бойынша «Мектепке жол» атты акция өткізу жарияланды.
Акцияның мақсаты: аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балаларға мектепке барар дайындық кезінде демеу жасау, киім кешектің, аяқ киімнің, кеңсе тауарларының және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын-алу.
Мектеп жасындағы барлық балалар қыркүйектің 1-інде мектеп парталарына отырулары тиіс.
Қала тұрғындарының барлығын осы акцияға қатысуға шақырамыз. Қайырымдылық көмек нақты отбасыға, балаға, мектепке берілуі мүмкін.
Демеу көрсетем деушілерге мына байланыс телефонына хабарласуын сұраймыз: 611296