Менің айналамдағы әлем
2017 жылдың 5 қаңтар айында мектепте психолог 5-8 сынып оқушыларына арналған тренинг өткізді. Тренинг тақырыбы: «Менің айналамдағы әлем».
Бұл сабақ адамның рухани көзқарасын түсіну, өзге адамдардың тұлғалық қасиеттерін көре білу, оның басты мән-мағынасын танып білуге, адамның өз айналасындағы қоршаған ортаға және туындаған жағдайларға қарым-қатынасын түсінуге бағытталған. Мақсаты: қатысушыларға өздерінің көре білу, сезіну, өзге адамдарды дұрыс қабылдау дағдыларын айқындауға көмектесу; вербальды және вербальды емес қарым – қатынас жасау құралдарын қалыптастыру. Нәтижелі қарым-қатынас жасауда қандай рухани қасиеттердің қажеттілігі болуын анықтау мен оларды ашу болып табылады.