Кино күні
"Мультландия" демалыс сауықтыру лагерінде күн әдеттегідей басталды: таза ауада денешынықтыру, таңғы ас .Содан кейін балалар әдеби ертегілерден көрініс көрсетті. Ал одан кейін Ш. Айманов атындағы кинотеатрға барып "Айдың қорғаушысы" деп аталатын мультфильм көрді. Мектепке келгеннен кейін балалар әлі ұзақ уақыт бойы бір-бірлерімен алған әсерлерімен бөлісті. Жасөспірімдер мультфильм туралы өз пікірлерін жазды. Ал кішкентай балалар әр түрлі суреттер салды. Ұйқыдан кейін балалар ашық ауада ойындар ойнады.