Халықаралық отбасы күні

Бүгін ерекше күн, өйткені дәл осы 15 мамыр күні - ең жақсы мереке - Отбасы күнін атап өтеміз. Біздің мектепте осы мейрамға арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған .
Мерекенің мақсаты: Мектеп оқушыларының отбасылық қатынастар маңыздылығына назар аудару; жауапкершілік,құрмет,сыйластық қасиеттерді отбасында тәрбиелеу; ізгі махаббат, адалдық, сенім , мейірімділік отбасында тәрбиелеу.
6 сынып оқушылары Отбасы күніне арналған " Отбасылық мерекелер күнтізбесі" презентациясымен таныстырды.