Латын әліпбиіне көшу – заман талабы
Тілдер мерекесі қарсаңында, бүгін, №23 мектепте, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты 8-9-сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар латын әліпбиі біздің ел үшін қаншалықты маңызды екенін және қай уақытта көшетініміз туралы ақпаратты білді. Сонымен қатар әр сынып оқушылары әліпби туралы өз пікірлерін білдірді.