Сенім телефоны
8(7182)-20-42-05
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
қабылдау бөлімінің хатшысы 8(7182)-22-42-50
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Бірінші сынып оқушыларын жаяу жүргіншілер қатарына қабылдау» акциясы
01-10-2026 11:27
«Бірінші сынып оқушыларын жаяу жүргіншілер қатарына қабылдау» акциясы

30 қыркүйек күні Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Павлодар қаласы Полиция басқармасының Патрульдік полиция батальонымен бірлесіп, мектептің Жас инспекторлар отрядының қатысуымен «Бірінші сынып оқушыларын жаяу жүргіншілер қатарына қабылдау» акциясын өткізді.
Акция бірінші сынып оқушыларының жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін арттыруға және жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара барысында Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Ерсін Қайырмұратұлы Қайырбеков оқушыларға жол белгілері, бағдаршам сигналдары және жолдан қауіпсіз өту ережелері туралы айтып берді.
Түсіндіру жұмыстарына Жас инспекторлар отрядының мүшелері де қосылып, бірінші сынып оқушыларына жол қауіпсіздігінің негізгі ережелерін бекітуге көмектесті.