Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тәлімгер мен оқушының шығармашылық жетістіктері
14-11-2017 12:16
Тәлімгер мен оқушының шығармашылық жетістіктері

Жыл сайын №1 БКМ «Ақ бота» облыстық балалар көркем шығармашылығының конкурсы өтеді. Аталмыш конкурсқа қатысу біздің мектебіміз үшін дәстүрге айналды. Біздің оқушыларымыз шығармашылық сайыстың жеңімпаздары ретінде жиі атанады. Биыл он алтыншы конкурс «Қаламның көрікті жерлері» тақырыбына арналды.

Мектебімізден аталмыш конкурсқа бес жұмыс ұсынылды. Балалар өздерінің жұмыстарында қала тұрғындарының сүйікті демалатын орындарын, жағажайды, сәулет құрылыстарын, мешіт пен шіркеуді және жаңа құрылыстарды шебер бейнеледі. 10 қараша күні №1 БКМ салтанатты түрде қорытынды шығарылып, конкурстың жеңімпаздары аталды, олар дипломдармен марапатталды және көркем шығармашылығына қажетті құралдар жиынын сыйға алды.

7 «В» сынып оқушысы Ангелина Братмайердің «Қаламның жаңа құрылыстары» атты жұмысы 2 орын иеленді. Жас суретші ескі үйлердің орнында биік заманауи үйлер салынып жатқанын бейнелей отырып, тақырыпты шебер аша алды. Сүйікті қаламыз Павлодар күн сайын гүлденуде, абаттандыруда.

Оқушымен алынған марапат мұғалім үшін әрқашанда жоғары сый. Бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Фания Чулпановна Меньщикова жеңімпазды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Конкурстың барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз және «Ақ бота» облыстық конкурсын ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз. Аталмыш конкурстың тақырыбы балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға ғана емес, сондай-ақ олардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қоршаған орта сүюге септігін тигізеді.

Соловьева М.П.,

№24 ЖОМ ММ

мәдениеттану әдістемелік

бірлестігінің жетекшісі