Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
08-08-2019 23:02
ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ

Бірінші қыркүйек — барлық балалар үшін Білім күні. Ол мектеп жасындағы барлық балалар үшін мерекеге болуы тиіс. Баланы мектепке дайындау, барлық қажетті құралдарды сатып алу — шығынды көп қажет ететін іс.

2019 жылғы 1 шілдеден бастап «№24 ЖОМ» ММ «Жүректен жүрекке» девизімен «Мектепке жол» акциясы басталды. Биыл аталмыш акция ерте басталды. Акцияның мақсаты - жаңа оқу жылына аз қамтылған отбасылардың, көпбалалы отбасылардың балаларын, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды дайындауда көмек көрсету.

«Балалар – болашақта елімізді алға тартатын буын. Сондықтан мен «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысуға шақырамын». Биыл ең бірінші болып «KMF» ШҚҰ» ЖШС директоры И.В. Лунева өтініш білдірді. Олар әлеуметтік жағынан жауапты ұйым ретінде қайырымдылық іс-шараларға жиі қатысады. №24 ЖОМ ММ оқушыларына материалдық көмек көрсетеді. Мектебіміздің бес балалы отбасы Жұмаділ отбасысына қажетті киім және кеңсе тауарларын сыйлап, үлкен көмек көрсетті. Балалар өздерінің алғыстарын айтты. Тек қана

беске оқуға сөз берді. «KMF» ШҚҰ» ЖШС-нің барлық ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз!

ДТЖО А.С. Шуленбаева