Жаңа жыл құтты болсын!
Халық арасында "Ескі жылдың қайғы- мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады" деген сөз бар.
Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұнымызды қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, меійріммен аттайық, «бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр» деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!