Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі қарсаңында, 15 қыркүйек күні Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты байқау өткізілді. Қала мектептерінің атынан оқушылар командалары 4 этаптан тұратын қызықты әрі танымды сайысқа қатысты. Қорытынды бойынша біздің команда жүлделі 3-орынға ие болды. Қатысушы 5 «б» және 5 «в» сынып оқушылары: Садырбаева Көктем мен Шалдыбаева Дариғаны құттықтаймыз!