"Спорттық отбасы - әкем, анам және мен"
2018 жылғы 29 қыркүйекте "№29 ЖОББМ"ММ-де "Спорттық отбасы - әкем, анам және мен" атты спроттық іс-шара өтті. Бұл нағыз спорттық мереке болды. 5 сыныптың бірнеше жанұясы қатысты. Сайыс бағдарламалары ептілікке, ойлануға, тапқырлыққа, күштілік пен шыдамдылықты тексеруге әртүрлі тапсырмалар болды. Қазылар алқасы спорттық іс-шараның қорытындысын шығару кезінде барлық командалар тату және сенімді өнер көрсеткенін айта кетті. Балл бойынша командалар арасындағы айырмашылық шамалы болғандықтан әрбір отбасы "Құрмет" грамотасымен марапатталды.