Павлодар қаласының №31 жалпы орта білім беру мектебінде
«Әлемге танылған, Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбы бойынша ашық тәрбие сағатын бастауыш сынып мұғалімі Олжаева Мырзакүл Олжақызы бастауыш сыныптар арасында өткізді.
Мақсаты:
1.Туған ел, Отан, Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, тәуелсіздік туралы түсінік, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру
2.Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде түсініктер және білімдерін бекіту.
3. Мақал –мәтелдер, өлеңдер, тақпақтар арқылы сөздік қорын дамыту. Түсіну, есте сақтау, жаттап алу қабілеттерін қалыптастыру.
4.Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, мемлекеттік тілді, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Осы мақсатқа сүйене отырып оқушылардың бойына патироттық тәрбие бере алды деп ойлаймыз және мақсатына жете білді.
Сондықтан Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілін құрметтеу керектігін, өз елің, жерің қорғау керектігін, халқына адал еңбек ету керектігі жөніде естеріңде мәңгі сақтау керектігі. Сонда ғана – азамат, азаматша болып ер жетеді.
Осы тәрбие сағатты қорытындылай келе өлеңмен аяқтағым келеді, әр оқушының бойында еліне, тіліне, Отанға деген сүйіспеншілігі артта түссе екен.
Туған тілді білу парыз,
Туған жерді сүйю парыз
Отанды қорғау парыз.