15 ақпан Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне 25 жылдығына арналған « Ерлік-ұрпаққа мұра» атты ашық тәрбие сағатын бастауыш сынып мұғалімдері өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды елін, туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін ояту, тағы да ағаларымыздың ерліктерін есте сақтау және олардың рухтарына тағзым ету.
Бұл ашық тәрбие сағатына, тәрбие жұмысының меңгерушісі, мектепішілік кітапханашы қатысты.
Кітапхана меңгерушісі Раушан Кенжебекқызы А.И.Ставболдың ерлігі жөнінде оқушыларға баяндап берді. Сондықтан осындай тәрбие сағатын өлеңмен қортындылады.
Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер-дегендей ХХ ғасырдың аяғында, яғни 1979- 1989 жылдары ауған жеріндегі соғыс апатын шеккен азаматтарымыз аз емес.