Телефон доверия
8 (7182)319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Адрес: Космонавтов көшесі 1
8 (7182)319268
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дұйсенбі - 15.00 -17.00 Сәрсенбі - 15.00 -17.00 Жұма - 15.00 -17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Асқар таудай әкемді мақтан тұтамын
22-04-2014 08:19
Асқар таудай әкемді мақтан тұтамын

 

Баянауыл елі – қазақ халқының киелі де қастерлі жері. Бағзы заманнан бұл жерді ата-бабаларымыз ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен. Әр заманда Баянауыл елі қол бастар батырынан, сөз бастар биінен, қасиет дарыған әулиелерінен, суырып салма ақыны мен жыршысынан арылмаған жер. Ата-баба дәстүрінде тәрбиеленген ұрпақтан ғұлама ғалымдар, әдебиетшілер, өнер және қоғам қайраткерлер шыққан жер. Осындай қасиетті Баянауыл жерінен шыққан әкемнің өмір жолы.

Халқына жасаған қалтықсыз қызмет еткен азаматтардың бірі – менің әкем. Бұзауов Олжабай Үсенұлы. Ол 1928 жылы мамырдың 9-шы жұлдызында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңа жол ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінен 4-ші сыныпты бітіріп, үйдің ересегі болған соң, тұрмыс тауқыметіне ерте араласқан. Отандастарымыз үшін көңілдерін толқытып, көздеріне жас келтіретін даңқты да қастерлі мереке – Ұлы Жеңіске жету үшін сан мыңдаған жауынгерлер соғысқа аттанып, майдан даласында мыңдаған адамдар аянбай еңбек етті. Туған халқының тыныштығы үшін кішкентай кезінен бастап қайсарлыққа еті үйренген  әкем бар күш жігерің салып қиындықпен жауызды көп көріп, жігерленіп қайраттанып «Қайтсе де жеңеміз!» деген үмітпен тылда жұмыс істей жүріп, сұрапыл соғыс зардабына көніп, үміт үнемі алға жетелеп отырды. Сілкіндірген сұм-сұрапыл соғыстың кесірінен балалық шағынан бастап қиындықтан көз ашпады. Соғыс жылдарында тыл майданында аянбай еңбек етіп, елінің жеңіске жетуіне өз үлесін қосқан еңбек ардагерлерінің бірі. Халқына жасаған қалтықсыз қызметтері үшін оған «Құрмет ордені», «Жеңіс медалі», «Ерлігі үшін», «Ветеран воины» медальдармен марапатталған. Елі жеңіске жеткен соң Отан алдында әскери борышын өтеу барысында 1946 жылы қазанда Монғолия еліне аттанады. Әскери борышын өтеп, өзінің туған өлкесіне оралады. Келісімен өз жерін, елін көркейтуге үлес қосу мақсатында 1948 жылы ақпан айынан бастап жұмысқа кіріседі. Әкем осы өмірден өткенше 60 жыл еңбек етеді. Зейнеткерлікке шықса да еңбек етуді тоқтатпады. Әкем сияқты өз оқушыларымның бойында патриоттық сезім болса екен. Әр оқушы өз туған жерін сүю, құрметтеу, қорғау, өз ана тілін білу қажет.  Бірақ та әкем 2003 жылы 75 жасында дүниеден өтеді. Әкем қазір өмірде жоқ болса да, мен үшін ол әрқашан жадымда, жүрегімде сақталады.

 

Павлодар қаласының №31 жалпы орта білім

беру мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі: Олжаева М.О.