Сенім телефоны
8 (7182)319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Мекенжайы: Космонавтов көшесі 1
8 (7182)319268
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дұйсенбі - 15.00 -17.00 Сәрсенбі - 15.00 -17.00 Жұма - 15.00 -17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2019 жылғы 1 шілде - 30 қыркүйек аралығындағы дәстүрлі жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны басталды
29-08-2019 11:53
2019 жылғы 1 шілде - 30 қыркүйек аралығындағы дәстүрлі жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны басталды

Балалар – еліміздің болашағы, оның қандай болары Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін маңызды болуға тиісті.

    Науқан мақсатында азқамтылған отбасының балаларына жаңа оқу жылына дайындалу кезінде қолдау көрсету және оқушының 1 қыркүйек күні әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

  Павлодар қаласы №31 орта жалпы білім беру мектебінің әкімшілігі және ұжымы  1 шілде - 30 қыркүйек аралығында еліміздің бүкіл өлкелерінде өтіп жатқан дәстүрлі жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық науқанына қатысуға шақырады. 

  Науқанның мақсаты – оқумен қамтылмай қалған балаларды айқындау, оқу жылына дайындалу кезінде азқамтылған отбасы балаларына және жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалудың алдын алу.

    Қазақстанда республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіледі. Осы науқанға қоғамдық бірлестіктердің басшылары, жеке кәсіпкерлер және біздің мектептің педагогтары қатысты. Біздің күшімізбен 15 оқушыға киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары арқа қапшықтар түрінде көмек көрсетілді.

Клубом «Добряков» клубы 4 оқушыға мектепке қажетті кеңсе тауарлары жиынтығын + мектеп сөмкелерін алып берді.  

    «№ 31ЖОМ» ММ әкімшілігі мүгедек және мұқтаж балаларға көмегі үшін   «ҚАМҚОР» көмек және арылу орталығы демеушілеріне алғыс айтады.

«№ 31ЖОМ» ММ әкімшілігі ЖШС «Рубиком» кәсіпорнының бас директорының міндетін атқарушы Е. Осинскаяға 3 оқушыға материалдық көмек көрсеткені үшін алғыс айтады.