Телефон доверия
8(7182) 319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Адрес: Космонавтов 1
8(7182) 319268
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник- 15.00-17.00 Среда -15.00-17.00 Пятница-15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ! БАРШАҢЫЗДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
18-12-2019 10:52
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ! БАРШАҢЫЗДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті әріптестер! Құрметті педагогикалық еңбек ардагерлері! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз!

 Қалың қазақ жұртына бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық игі бастамаларыңыз сәтті болсын!

   Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті, бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыздар. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз.

    Қадамы батыл, қарышты дамыған еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!