«22 қыркүйек – Тілдер күніне» орай біздің мектепте қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігімен «Абай тынысы - заман тынысы, халық үні» (Абай атамыздың 170 жыл толғанына орай) атты әдеби кеш өткізілді. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен танысу, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу арқылы 5-7 сынып оқушылары көркемсөз шеберліктерін таныта білді. Мәнерлеп оқуда 1 орынды- 6 А сынып оқушысы Жеңіс З. иеленсе, қара сөздерін 5А сынып оқушысы- Жолдаспаева С. мәнерге салып айтып берді.