"Оқуға құштар мектеп" жобасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында үзілісте 20 минут кітап оқу мақсатында, дәліздерде "Буккроссинг" бұрыштары ұйымдастырылды. "Буккроссинг" (ағылшын тілінде "кітаптың айналыста жүруі") - "өзің оқысаң, өзгеге табыс ет" қағидасына негізделген хобби, яғни адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Барлық сынып оқушылары үзілістерде "Буккроссинг" бұрышынан қызығушылықпен кітап оқуда. #Оқуғақұштармектеп #Буккроссинг #20минуткітапоқу