“Зерттеуші компас” атты кітапхана сабағы өткізілді.
22 қараша күні 9 “Ә” сыныбының қатысуымен “Зерттеуші компас” атты кітапхана сабағы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өздігінен ақпарат іздей алуы. Оқушылар топтарға бөлініп, 2025 жылы мерейтойлары аталып өтетін атақты тұлғалар жайлы 4 бағыттан тұратын тапсырмалар бойынша іздену жұмыстарын орындап, әр топ оқушылары алған ақпаратымен бөлісті. #Оқуғақұштармектеп Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Қ.С.Табикенова Кітапханашы А.К.Карибаева



