Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай тарихи шолу сағатын өткізді
Қарашаның 06 күні қалалық кітапхананың кітапханашылары Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай тарихи шолу сағатын өткізді. Кешке 10 «Ә» сынып оқушылары, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі М.Б.Нәжім қатысты.
Кеш барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик,
кітаптарға шолу жасалды, ұлы тұлғаның соғыстан кейінгі ұстаздық пен ғылым жолындағы елеулі еңбегі жайлы ақпарат берілді.



