Бүгін “Құқығыңды біл!” ақпараттық-танымдық сағаты өтті
Бүгін “Құқығыңды біл!” ақпараттық-танымдық сағаты өтті. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты мәлімет беру, құқықтық сауаттылықты арттыру және заңды құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары түсіндіріліп, күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық жағдайлар мысалдар арқылы талқыланды. Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Ақпараттық-танымдық сағат танымдық әрі тәрбиелік мәнге ие болып, қатысушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға үлкен ықпал етті.


