Сенім телефоны
8 (7182) 20-90-99
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 22-43-05
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
19 қаңтар күні 5-сынып оқушыларымен «Заң мамандықтары» тақырыбында жарнамалық сағат өтті.
20-01-2026 14:25
19 қаңтар күні 5-сынып оқушыларымен «Заң мамандықтары» тақырыбында жарнамалық сағат өтті.

19 қаңтар күні 5-сынып оқушыларымен «Заң мамандықтары» тақырыбында жарнамалық сағат өтті. Іс-шара барысында оқушылармен мамандықтар әлемі туралы әңгіме жүргізіліп, әсіресе заң саласына байланысты мамандықтарға ерекше назар аударылды.
Оқушылар заңгер, адвокат, прокурор, судья, тергеуші сияқты түрлі мамандықтармен танысты. Әр мамандықтың қай жерде және қандай мекемелерде жұмыс істейтіні, олардың негізгі міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілді. Сонымен қатар бұл мамандықтардың маңыздылығы, қоғамдағы рөлі, жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен талап етілетін қасиеттер туралы талқыланды.
Кездесу барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойып, болашақта таңдағылары келетін мамандықтар туралы пікір алмасты. Іс-шара балалардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, заң саласындағы мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттырды.

Педагог-психолог: Қабыш Ә.Н, Смагулова Д.Т.