Телефон доверия
8 (7182) 20-90-99
Адрес: Айманова, 37
8 (7182) 22-43-05
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 14.00 до 19.00, Пятница с 14.00 до 19.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
19 ақпан күні мектебімізде мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
19-02-2026 09:13
19 ақпан күні мектебімізде мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

19 ақпан күні мектебімізде мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, оқушылардың оқу үлгерімі мен сабақ барысы туралы толық ақпарат алды.
Жиналыстың маңызды бөлімдерінің бірі – «Отбасылық зорлық-зомбылық және сталкинг» тақырыбындағы түсіндірме жұмысы болды. Бұл тақырып бойынша Павлодар қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция капитаны А.Т. Абжанова баяндама жасап, ата-аналарға құқықтық ақпарат берді.
Сонымен қатар, мектебіміздің әлеуметтік педагогы Д.Б. Қабышева ата-аналарды «Балдауреннің бір күні» тақырыбымен таныстырып, оқушылардың мектептегі бір күндік тыныс-тіршілігі мен тәрбиелік жұмыстары жөнінде мәлімет ұсынды.
Жиналыс ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі мәселелерін бірлесе талқылауға мүмкіндік берді.

Мектепішілік жиналыста қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қ.С. Альмағанбетов «Ата-аналармен серіктестік орнатудың маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасады. Ол ата-аналарды мектеп өміріне белсенді араласуға шақырып, бірлесе әрекет ету арқылы ғана сапалы тәрбие мен білімге қол жеткізуге болатынын жеткізді.