“Таза Қазақстан” республикалық кампаниясы аясында ұйымдастырылған “Парктер шеруі” экологиялық акциясына мектебіміздің 9-сынып оқушылары белсене қатысты.
“Таза Қазақстан” республикалық кампаниясы аясында ұйымдастырылған “Парктер шеруі” экологиялық акциясына мектебіміздің 9-сынып оқушылары белсене қатысты. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен бұл шарада оқушылар ұйымшылдық танытып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген жауапкершілігін арттыра түседі.
