Құттықтаймыз!
Павлодар қаласының ЖОББМ І-лига кыздар командалары арасында 55-ші кешенді спартакиада бағдарламасы аясында командалық есепте волейбол жарысы бойынша мектебіміздің қыздар командасы жүлделі III орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Спорттық жарыста жүлделі орын алып, жоғары нәтиже көрсеткендеріңіз – үлкен жетістік. Бұл – табандылықтың, еңбектің және бірліктің айқын көрінісі. Алдағы уақытта да тек биіктерден көрініп, жаңа жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз!
Жаттықтырушысы: Байжырыков Д.Б
Осындай жетістікке жету жолында бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен Байжырыков Думан Бекмухаметовичке шынайы алғыс білдіреміз!
Еңбегіңіз еленіп, әрдайым жеңісті күндер көп болсын!

