Мектебіміздің 9-сынып оқушылары таңдау пәндері бойынша қорытынды емтихан тапсырып, оқу жылы бойы алған білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Емтихан барысында білім алушылар пәндік білімдерін жүйелі түрде дәлелдеп, теориялық және практикалық тапсырмаларды орындауда жауапкершілік пен белсенділік танытты. Оқушылар өздерінің дайындық деңгейін көрсетіп, таңдап алған бағыттары бойынша білімдерін сарапқа салды.
Емтихан жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, әділ және ашық түрде өткізілді. Білім алушылар тапсырмаларды орындау барысында жинақылық, ұқыптылық және өз білімдеріне деген сенімділік танытты.
Бұл сынақ – оқушылардың негізгі орта білім беру деңгейін аяқтауға бағытталған маңызды кезеңдердің бірі. Емтихан нәтижелері олардың алдағы білім алу жолындағы жетістіктеріне негіз болмақ.
