«Өнер әлеміндегі дара жол – Фарида Шәріпова» атты танымдық сағат өткізді
Қарашаның 4-күні орталық қалалық кітапханасы / Ж.А.Смагулова /8 «Б» сынып оқушыларына (сынып жетекшісі Қ.С.Табикенова) «Өнер әлеміндегі дара жол – Фарида Шәріпова» атты танымдық сағат өткізді. Шара Қазақстанның халық әртісі, актриса Фарида Шәріпованың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға актрисаның өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы кеңінен мәлімет беріліп, оның өнердегі дара жолы мен қазақ мәдениетіне қосқан үлесі насихатталды. Кеш барысында бейнефильм көрсетілді.
