Республикалық іріктеу лингвистикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Серікқали Мұқақали 8–11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық іріктеу лингвистикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде І орын иеленіп, жоғары жетістікке қол жеткізді!
Бұл жеңіс – оқушының терең білімі, ізденісі, табандылығы мен еңбегінің жемісі.
Жас дарын иесін және оның ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Серікқалиға республикалық кезеңде сәттілік, білім бәйгесінде биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Білімді ұрпақ – ел болашағы!
