3 мамырдың 2012 жылы № 35 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сыныптарында ПКБАИ тыңдаушыларына арналған іс-тәжірибемен бөлісу сабақтары өткізілді. Облысымыздың мектептерінен 26 мұғалім қатысты. Мектебіміздің 5 мұғалімі өз тәжірибелерімен алмасты. Қатысудың мақсаты: заманауи технологияларды бастауыш пәндерінде ұтымды пайдалану.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы бойынша ашық сабақтарды бергендер: 1 «А» сыныбының математика пәні бойынша Орумбаева А.Д. Тақырыбы : «Он көлеміндегі қосу мен азайтуды қайталау»; 2 «А» сыныбының математика пәні бойынша Аманжолова Г.Ж. Тақырыбы:«100 көлеміндегі сандарға қолданылатын амалдар»; 2 «Ә» сыныбының қазақ тілі пәні бойынша Шарипова Т.Ш. Тақырыбы: «Түбір мен қосымшаны қайталау»; 3 «Ә» сыныбының қазақ тілі пәні бойынша Дюсенбаева А.С. Тақырыбы:«Мәтін түрлерін қайталау».
Step by Step технологиясы бойынша 4 «А» сыныбында Искакова Р.А. «Дыбыс пен әріпті қайталау» тақырыбында қазақ тілі пәнінен сабақ берді.