«Қош бол сүйікті,Әліппе!»
Мектебімізде «Қош бол сүйікті,Әліппе!» атты ертеңгілік өтті. Әр сынып әліппеден үйренген білімдерін ортаға салып, көңілді жұмбақтар, санамақтар айтты. Тіл ұстарту мақсатында оқушылар сахналық көріністер дайындады. 1 «А» сыныбы «Бауырсақ» ертегісінен, 1 «Ә» сыныбы «Оқу маңызды», 1 «Б» сыныбы «Кім неден күшті?»,1 «В» «Күлмесхан патшалығы» ертегілерін сахналап көрсетті. Ертеңгілік соңы мерекелік ән-биге ұласты. Ертеңгілік оқушылар мен ата-аналар көңілінен шықты. Ата- аналар ертеңгілік дайындаған 1 сынып ұстаздарына шексіз алғыс білдірді.