«Сиқырлы ертегілер елінде қонақта»
06.01.күні мектеп кітапханасында 3-5 сынып оқушыларының арасында «Сиқырлы ертегілер елінде қонақта» атты әдеби викторина өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды ауыз әдебиетін оқуға ынталандыру, білім деңгейін арттыру, кітап оқуға баулу. Оқушылар ауыз әдебиеті бойынша ой бөлісіп, ертегі дегеніміз не, оның қандай түрлері болады деген сұрақтарға жауап бере отыра, өз пікірлерін ортаға салды. Әр-түрлі тақырыптардағы ертегілермен танысып, ертегілер еліне саяхат жасады. Оқыған ертегілерінің кейіпкерлерін суретке салып, мазмұндады, ертегілер бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді. Берілген мәтіннің мазмұнына сай мақал-мәтелдер айтты. Викториналық сұрақтарға ең көп жауап берген оқушылар сыйлықтармен марапатталды.
Карибаева А.К.