Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Саяхатқа толы күн
08-06-2017 10:43
Саяхатқа толы күн

      Бүгін «Дельфин» мен «Маржан» топтары «Болашақ» клубына саяхат жасады.Топтасып қызықты суреттер салды. Аулаға шығып, көңілді ойын ойнап саяхатты аяқтады.
      «Жұлдыздар» мен « Алтын балық» топтары № 7 кітапханаға барды. «Жолда сақ бол!» көрмесін тамашалады. Осы тақырыпқа байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешті. «Тақия кию», «Кім мерген» ойындарын ойнап, көтерінкі көңілмен топқа оралды.
      «Кит» тобынан 10 оқушы қалалық «Экспо-2017», « Болашақ Қазақстан» атты асфальтта сурет салу сайысына қатысты. Біздің қатысушылар өз қиялдарынан шыққан «Экспо-2017» тақырыбына сурет салды.
      «Кит», «Маржан» топтары «Нептун» һауызына барды. Суда, өз топтарының аттарына сай болып жүзу өнерлерін көрсете білді.