Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
№35 жалпы орта білім беру мектебі оқушыларының «ЭКСПО-2017» көрмесіне саяхаты
11-08-2017 08:02
№35 жалпы орта білім беру мектебі оқушыларының «ЭКСПО-2017» көрмесіне саяхаты

      Қазақстанның Елордасы – Астана қаласындағы Халықаралық көрме 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтілетіні белгілі. Көрмеге Павлодар облысы мектептері бойынша оқушылар жіберілуде. Бұл көрмеге №35 жалпы орта білім беру мектебі оқушылары да барып қайтты.

     №35 жалпы орта білім беру мектебі бойынша «ЭКСПО-2017» көрмесіне 5-11-сынып арасынан аз қамтылған және көп балалы, жетім отбасы балаларынан шыққан 60 (алпыс) оқушы жіберілді. Оқушылардың көрмеге тегін барып қайтуларына, үш мезгіл тегін тамақтануына «Саят» тур фирмасы өз жауапкершілігіне алды. Балаларға «Саят» тур фирмасынан бір жетекші, бір медбике мен №35 жалпы орта білім беру мектебінен төрт жауапты мұғалім қоса берілді.

      Саяхат барысында белсенді топ «Нұрлы әлем» ұлттық павельоны, сондай-ақ шетелдіктердің ұсынған озық технологиялардың жетістіктері мен қуат күшінен алынатын жобаны өз көздерімен көріп, ұмытпастай ерекше әсер қалдырды. Оқушылар қалалық «Оқушылар сарайына», «Ғашықтар» саябағына, құнды әрі көне жәдігерлерден тұратын Ұлттық мұражайға, Халықаралық павельонға және Астана қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасап, естелік ретінде суретке түсті. 

      Осылайша, қазақстандықтардың мақтанышына айналған Халықаралық көрмені тамашалаған мектеп оқушылары мәңгілік есте қаларлық көрініспен жаңа оқу жылына көтеріңкі көңіл күймен келмек.

№35 ЖОББМ-нің әлеуметтік педагогы А.Е.Мундуинова