Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Серіктестік – өзара тиімді байланыс
09-11-2018 13:02
Серіктестік – өзара тиімді байланыс

       2018 жылдың 9 қарашасында Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінің жаратылыстану-математика бағытындағы ұстаздары «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ әдіскерлері мен курс өтіп жатқан мұғалімдері үшін ашық есік күнін ұйымдастырды. Математика пәнінің мұғалімдері Абдрахманов К.Т. 5 «а» сыныбымен «Аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру», Асылханова К.Н 7 «ә» сыныбымен «Көпмүшеге амалдар қолдану», экономика пәнінің мұғалімі Боранбаева Г.Ф. 5 «а» сыныбымен «Ақша. Ақша тарихы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.
      Сонымен қатар курс өтіп жатқан мұғалімдер үшін «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында математика сабағында ҰМЖ мен ҚМЖ жоспарлау принциптері» коучингі ұйымдастырылды. Оны І деңгейлік курсты бітірген тарих пәнінің мұғалімі, тренер Жунуспаева Қ.Х, математика пәнінің мұғалімдері Алпысова А.К. мен Сагитжанова М.А. жүргізді.