Облыстық білім беру басқармасы аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы мен Павлодар қаласының балалар–жасөспірімдер экология және туризм орталығымен бірлесіп онлайн форматта «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын өткізді.
Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
Форум алты номинация: «Туған өлке тарихы», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоболашақ», «Жасыл оазистер», «Жеңіс мамыры» бойынша өткізілді.
Қашықтық форумға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, оның ішінде қосымша білім беру ұйымдарының 50-ден астам оқушылары, атап айтқанда Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, Аққулы, Тереңкөл, Ақтоғай, Шарбақты, Павлодар, Ертіс, Железин аудандары мектептерінің оқушылары және Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының оқушылары қатысты.
Форумның облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар, табиғат зерттеушілері республикалық форумының облыстық кезеңінің қорытындысында «Жасыл экономика» номинациясы бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Елтай Елнұр 2-орынды иеленді құттықтаймыз!
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар!