Сынып сағаты. Тақырыбы: «Құқықбұзушылық, қылмыс және жасөспірім»
Сынып сағаты. Тақырыбы: «Құқықбұзушылық, қылмыс және жасөспірім»
«Құқықбұзушылық, қылмыс және жасөспірім» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады, өкінішке орай кейбір жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды. Оқушылар тәртіп бұзған жағдайда заңдық жауапкершілікке тартылу жөнінде сөз қозғады. Әр түрлі жағдаяттарды қарастырып, құқықбұзушылықтың түрлерін анықтады. Қоғамдық орындарда жүріп-тұру, темекі шегу, өрескел қылықтар көрсету де сөзге тиек етілді. Оқушылар әсіресе «Тәртіп сақшыларының бейуақыт кезде көшеде жүруге тыйым салуға құқығы бар ма?» деген сұрақты қызығушылықпен талқылады. Сынып жетекшісі мектеп оқушыларының құқығымен таныстырып өтті. Осы әңгіме әр жасөспірімге ой салса екен дегіміз келеді...
9 «Г» сынып жетекшісі: С.Н.Голубничая