Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: 40school@mail.ru
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда3018113
Бір айда279280
Бір аптада61859
Кеше4171
Тәулік708
«ТИМУР» ОРТАЛЫҒЫ

 «ТИМУР» ОРТАЛЫҒЫ

Мақсаты: адамдарға, қоғамға жақсылық жасауға көмектесу. Акцияларды жүргізуге, қамқорлық көрсетуге, мүгідек-балаларға және қарт адамдарға көмек көрсетуге талап көрсету.

 
 
ДЕНСАУЛЫҚ АЛҚАСЫ
 
     9 «Б» сыныбының оқушылары Юля Филь мен Регина Вороница технология пәнінің мұғалімі Наталья Александровна Бедареваның жетекшілігімен 5 «Г» сыныбының балаларына «денсаулық алқасын» жасау бойынша шебер-класс өткізді. Бесінші сыныптықтармен бірге сабаққа мүмкіндігі шектеулі балалар да шақырылды. Барлық қатысушыларды алқаның тұзды қамырдан және ароматерапиямен жасалу технологиясымен таныстырды, сонымен қатар оларға СӨС үшін бұйымның эфир майларын қолданумен қалай жасалатынын көрсетті. Балалар өз жұмыстарын шығармашылық фантазияларын қосып белсене орындады.!
 
 
 
 
 
 
БІЗ ӘРҚАШАН КӨМЕККЕ ДАЙЫНБЫЗ!

     Тимуровшылар отряды қарт адамдарға көмек көрсету ісін жалғастырып келеді... Балалардың бұл қызметінің маңызы зор. Тимуровшылар отряды қызметі оқушыларды азаматтылыққа, ізеттілікке, үлкендерге қамқор болуға тәрбиелейді. 6 «В» сынып оқушылары ауыл тұрғыны Антонина  Петровнаның үйіне көмекке келді: ауласын тазалап, бау-бақшаны ретке келтірді.  

№ 40 ЖОМ аға вожатыйы Маракина Н.Н.
 
 
«Жалғыздықсыз өмір сүру» операциясы
 
     «Ізгіліктің көктемгі апталығы» акциясы аясында мектебімізде «Жалғыздықсыз үй» операциясы өткізілді. 8 «Б» сынып оқушылары Павлодар ауылында тұратын қарт адамдарға көмектесті.
    Бүгін олар жалғыз тұратын қарт әже Надежда Ивановна Буйнованың үйіне қонаққа барды. Надежда Ивановна соғыс кезінде қалай еңбек еткендігі, соғыстан кейінгі жылдар жөнінде балаларға әңгімелеп берді.
    Қыздар қарт әженің үйін жинап-тазалады, ал ер балалар үйдің ауласын ретке келтірді.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа жылдық қайырымдылық акциясы

 

     Мектебімізде жыл сайын мүгедек балаларды қолдау мақсатында Қайырымдылық акциясы өткізіліп тұрады. Жаңа жыл қарсаңында үйде оқитын мүгедек балаларды Аяз ата мен Ақшақар құттықтап, тәтті сыйлықтар таратты. Балаларының жарқын жүзін көрген ата-аналар да көңілдері толып, мәз болып қалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қайырымды адам ол, басқа адамдарға жаны ашитын, жақсы іспен көмек көрсететін адам.

 «Тимур» орталыққа қатысатын балалар жалғыз тұратын адамдарға, мүгідек-балаларға бақшаларды, үйлерді, ауланы жинауға көмектесіп отырады.

 

7Б оқушылары Буйнова Надежда Ивановна үйінде қонақта болды. Қыздарымыз (Ибраева Гүлзада, Цоль Кристина, Баймухамбетова Айдана) қарт адамның үйін жинап, тазалып берді.

Тимуровшылар жалғыз тұратын адамдарға, Ұлы Отан соғысқа қытысқандарға үнемі барып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарттар күні

Акция  «БАЛАЛАР-БАЛАЛАРҒА»

"Досына қолыңды соз"операциясы

Жыл сайын қазан айында «Достастық» БҚҰ-ның кеңесі «қамқорлық» акциясын жариялайды.

   Үстіміздегі жылы да  ауылымызда тұратын мүгедек балалар мен мектеп-интернаттарда оқитын жетім баларға қолдау көрсету  ретінде "Досына қолыңды соз" акциясы жарияланды.

    Бұл операцияға  клубтың  үш  бірлестігі: (Непоседы», «Шуақтар», «Ассоль» қатысты (с 3-10 сыныптар, барлығы 100-ден астам оқушы)

   Балаларға дәптер, күнделік, бояу, альбомдар табысталды. Мектеп оқушылары  6000 теңге көлеміндегі қаражатқа кеңсе тауарларын сатып алды.  Ата-аналар да бейжай қалмады. Савина Елена  1-сынып оқушысына  оқу құралдары бар рюкзак сыйлады. Акцияға қатысқандардың барлығына шексіз алғысымызды білдіреміз!

 

 «Адал дос – алтыннан қымбат» операциясы

Досың қиын жағдайға тап болса, қол ұшыңды бер,  қандай  ауыр оқиға болса да, көмегіңді аянба! Жұмыла көтерген жүк жеңіл!

№4 мектеп-интернат оқушыларына  көмек көрсету( кеңсе тауарлары, ойыншықтар)  

Операцияға 150-ге жуық бала қатысып, олар шын ниетпен  өз заттары мен ойыншықтарымен бөлісті.

  Өткізілген түрлі сайыстар да балалардың  көңілінен шықты. .