Біздін жеңімпаздар
2022 жылдың 19 қыркүйегінде №7 орта мектеп базасында 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің шағын Отаным» атты V Республикалық жас тарихшылар зияткерлік байқауының қалалық кезеңі өтті. Оған мектебіміздің 6 оқушысы қатысты. Қатысушылар ұсынылған төрт номинация бойынша өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша бір бірінші орынға – Қабыкен Мөлдір және үш үшінші орынға – Балғабек Аңсаған, Шоқанқызы Сандуғаш, Комаров Максим ие болды. Жеңімпаздарымызды сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!