Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Наурыз – достық пен мейірімділік мерекесі
14-03-2023 15:26
Наурыз – достық пен мейірімділік мерекесі

2023 жылдың 14 наурызында мектеп кітапханасында Наурыз мейрамын тойлау аясында 4 сынып оқушылары арасында «Наурыз – достық пен мейірімділік мерекесі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл шараның мақсаты – қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлауын көрсету. Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлермен таныстыру. Олар туралы қарапайым түсінік беріп қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрді тануға, түсінуге, жалғастыруға үйрету.

 

Қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, шара тәтті шашумен басталды. Қазақтар қуанышты мерекелерде, шашу шашып, шашу арқылы қонақтармен қуанышымен бөліседі

 

Шара барысында кітапханашылар оқушыларға Наурыз мейрамының тарихы туралы әңгімелеп, викторина өткізді, оқушылар қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары туралы сұрақтарға жауап берді. Әрбір дұрыс жауап үшін олар гүлдерге жиналған карталарды алды

Шарада Наурыз мейрамына арналған әндер шырқалды, оқушылар мерекеге байланысты бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Кітапханашылароқырмандарына «Наурыздың жауһаз сырлары» атты кітап көрмесінен Наурыз мейрамының тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, қазақтың киіз үйі, ұлттық тағамдары туралы кітаптар ұсынылды