Семинар
Бүгін мектебімізде практикалық зертхана «Экологиялық білім — «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларының жаратылыстану-ғылыми құзыреттерін қалыптастырудың негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Шараның мақсаты «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқу-тәрбие үдерісінде экологиялық білім беру бағытындағы жобалаларды іске асыру. Құндылықтарды оқыту мен тәрбие жұмысына енгізудің ең тиімді жолдарын ұсыну және ынтымақтастық мәдениетін құру.
Семинар барысында Өрт сөндіру ісінде ерлікпен қаза тапқан, Қазақстан Республикасы Президентінің «Айбын» орденінің III дәрежелі иегері А.Д.Машрапов атындағы «Жас сарбаз» және профессор, педагогика ғылымдарының докторы К.О.Базарбеков атындағы биология пәні кабинеттерінің ашылу рәсімі өтті.
Атаулы шараға Қабзолдин Дулат Машрапович -А.Д.Машраповтың әкесі,
Убайдулаева Нурбала Абдибековна -Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор , Қ.О.Базарбековтың жары -Базарбекова Лилия Гизатулловна сынды бір қатар қонақтар келді.
Семинар бағдарламасына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының әлеуметтік жобалалары мен іс-шараларын іске асыру мақсатында бірлескен жобалар ұсынылды. Мәселен «Еңбегі адал-жас өрен», «Қамқор» жобалары мен «Күзгі асар», Мамандықтар әлемі, «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет, «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы.
Осы бағытта Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы КМҚК мамандары Капашев А.Р., Касымова А.А «Өсімдіктерді тамырлауға арналған онлайн кеңестер: шындық пен қате түсініктер» атты шеберлік сағатын көрсетті. Ал Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты , Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты оқушылары ғылыми жобаларымен бөлісті.
Шараның қорытынды бөлімінде Павлодар қаласы ББ "Жалпы орта білім беру секторы" меңгерушісі Шиндлярская Г.Ш. өз тәжірибесімен бөліскен әріптестерімізге сертификат табыстады.


