Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
Мекенжайы: Ыбырай Алтынсарин көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
2026 жылдың 3-наурызы
04-03-2026 14:18
2026 жылдың 3-наурызы күні Павлодарское ауылында орналасқан 40 жалпы орта білім беру мектебінде Халықаралық UAE SWAT CHALLENGE–2026 турнирінің жүлдегері әрі рекордшысы, Павлодар қаласының 5512 әскери бөлімі офицері Зейнуллин Исламмен тағылымды кездесу өтті. Кездесуге «Даналық мектебі» клубының әжелері мен 8-9 сынып оқушылары қатысты. Биыл Қазақстан атынан күштік құрылымдардың ең таңдаулы жауынгерлерінен жасақталған бес команда Дубайда өткен UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінде топ жарған болатын. Осы жауынгерлердің ішінде жерлесіміз Павлодар қаласының 5512 әскери бөлімі офицері Зейнуллин Ислам да бар еді. Зейнуллин Ислам осы додада кәсіби шеберлігі мен төзімділігін танытып, жүлделі орынға ие болып қана қоймай, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл кездейсоқ жетістік емес. Әр жетістік – зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі. Әр жеңіс – мықты кәсіби дайындық пен асқан шеберліктің айқын көрінісі. Сондықтанда оқушыларымызға, қонақтарымызға аймағымыздан шыққан танымал тұлғалардың бірі ретінде бұл кездесудің маңызы зор болды. Кездесу барысында Елорда әуежайында Дубайда өткен UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінде топ жарған қазақстандық командаларды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі мен жарыс барысындағы бейне роликтер көрсетілді. «Жас сарбаз», «Проф-time» жобаларының аясында ұйымдастырылып отырған осындай тағылымды кездесулер – жастарды отансүйгіштікке, батылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу ісіне зор үлес қосады. Осы мақсатта ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спорт пен әскери қызметті ұштастыру жолдары жөнінде кеңес алды. Шара соңында мектеп әкімшілігі намысты қолдан бермей, байрақты бәсекеде топ жарған жерлесіміз Зейнуллин Исламға шапан кигізіп, әжелеріміз ақ тілектерін білдіріп,шашуларын шашты, оқушылар естелік фотоға түсті. Оқушыларымызға патриоттық рух беретін, құндылыққа толы шараны ұйымдастырушылар директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мутай А және алғашқы әскери даярлық жетекшісі Нурко С.К.