Құрметті ата-аналар! Павлодар облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 18 маусымынан 31 тамызына дейін жүргізіледі.
Құрметті ата-аналар!
Павлодар облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 18 маусымынан 31 тамызына дейін жүргізіледі.
Өтінішті 31 тамызға дейін egov.kz порталы арқылы электронды форматта беруге болады.
Қызмет алушыларға арналған бейнеролик қазақ тілінде https://youtu.be/Kk0e9-sGi1g
орыс тілінде https://youtu.be/r6rVyvHYySg
Мектепте мектепалды даярлық бағдарламасын меңгеріп, осы мектепте оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Балаларды білім беру ұйымдарына қабылдау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) қызмет алушының осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
3) қызмет алушының жеке куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
4) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманың нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі - ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) сәйкес № 065/е нысанындағы "Иммундау паспорты" және № 052-2/е нысанындағы "Бала денсаулығының паспорт" медициналық анықтамалары;
5) баланың 3х4 см көлеміндегі фотосуреті.
Мектепте өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді және көмек көрсетіледі.


