Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
Адрес: Ыбырай Алтынсарин көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Кітапхана, Сауаттылық және Жасанды интеллект» мектепшілік байқауы
19-10-2026 12:41
«Кітапхана, Сауаттылық және Жасанды интеллект» мектепшілік байқауы Мектепшілік байқау ережесі «Кітапхана, Сауаттылық және Жасанды интеллект» мектепшілік байқауының ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер Байқау Халықаралық мектеп кітапханасы айы (ISLM 2026) аясында өткізіледі. Мақсаты — оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ЖИ құралдарын сауатты қолдануды үйрету және кітап оқуды насихаттау. 2. Байқаудың номинациялары мен қатысушылар санаттары: * «Болашақтың кітапханасы»,«Менің Отаным-Қазақстан» сурет байқауы (1-4 сыныптар): Дәстүрлі сурет салу техникасы (акварель, гуашь, қарындаш). * «ЖИ және менің сүйікті кітабым» эссе байқауы (5-8 сыныптар): Көлемі 200-250 сөз. Оқушылар ЖИ-дің кітап оқу мәдениетіне әсері туралы өз ойларын жазады. * «Цифрлық креатив» жобалар байқауы (9-11 сыныптар): Оқушылар ЖИ сурет генераторларын (Midjourney, Bing Image Creator т.б.) қолдана отырып, қазақ немесе әлем әдебиеті классикалық шығармаларына заманауи кітап мұқабасын (букдизайн) немесе комикс жасап ұсынады. 3. Жұмыстарды бағалау критерийлері: * Тақырыптың ашылуы және өзектілігі. * Идеяның ерекшелігі мен креативтілігі. * Цифрлық жобалар үшін: ЖИ-ді қолданудың этикалық нормаларын сақтау (пайдаланылған нейрожелі атауын және промпттарды көрсету міндетті). * Эссе үшін: Сауаттылық, дербес талдау жасау (дайын ЖИ мәтіндерін көшіріп алуға тыйым салынады, Antiplagiat жүйесімен тексеріледі). 4. Мерзімі: Жұмыстар 2026 жылдың 15.10-20.10 дейін мектеп кітапханасына қабылданады. Жеңімпаздарды марапаттау 23.10.2026 жылы өтеді.